Zhanibekov university logo
Image

Музыкалық білім

Кафедра Өнер және білім
Image

Жомартова Галия Рахтаевна

Білімі:

 1968-1972 жж. Өскемен музыкалық училищесі, баян класы, біліктігі: баян класының оқытушысы, оркестр жетекшісі;

1972-1976 жж. әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институты, мәдени ағарту мамандығы, біліктілігі: халық аспаптар оркестрінің жетекшісі.

Еңбек өтілі:

 1976-1978 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы «Достық» ән-би  ансамблінің музыкалық жетекшісі;

 1978-2023жж. әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушы, аға оқытушыс, доценті;

2002-2018 жж. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы, «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің дирижеры;

2023 жылдан Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы.

Жетістіктері:

1976ж. Молдавияда өткен бүкілодақтық өнер фестивалі, диплом, Кишинев;

1978ж. Халықаралық фестиваль, лауреат, Зелена Гура;

1985 ж. Халықаралық фестивальдері, Ресей, Өзбекістан, Куба.

ҚР  халық әртісі Мынжасар Маңғытаев, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нуржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі   Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Букенов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қ.Шойынбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденнің иегері Татьяна Бурмистрова т.б. елімізге танымал өнер иелерінің концерттеріне шығармаларын өңдеп, шығармашылық кештерінде дирижерлық етті.

Марапаттары:

1998ж. ҚР білім беру ісінің үздігі;

2006ж. ҚР мәдениет қайраткері;

2011ж. Облысқа сіңірген еңбегі үшін медалі;

2016ж. Ерең еңбегі үшін облыстық қурмет белгісімен марапатталған; 

2016 ж. ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  облыс әкімінің арнайы сыйлығы;

2018ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 75-жылына арналған мерейтой медалі.