- Басты бет
- Кафедра туралы
- Кафедра мүшелері
- Бағдарламалар
- Оқу материалдары
- Ғылыми жобалар
- Кафедра құжаттары
- Жетістіктер
- Жарияланымдар
Мейірбеков Жамбыл Берікбайұлы
Білімі:
2005-2011 жж. Ж.Омарова атындағы Шымкент қалалық №1 балалар музыка мектебі, домбыра класы;
2011-2015 жж. Шымкент музыка училищесінің домбыра класы, біліктілігі: оркестр әртісі, БСМ оқытушысы;
2015-2019 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, дәстүрлі музыкалық өнер-домбыра, біліктілігі: өнер бакалавры- жеке орындаушы, оркестр әртісі, оқытушы;
2019-2021ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, опера және симфониялық дирижерлау, магистратура. Біліктілігі: дирижерлау бойынша өнертану магистрі.
Еңбек өтілі:
2015ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ ФОП қызметкері;
2016-2017жж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған мектеп-лицейінің музыка мұғалімі (Алматы қ.);
2016-2021 жж. Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің әртісі, концертмейстердің орынбасары, жетекші концертмейстер;
2019-2020жж. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Дизайн және өнер» кафедрасының аға оқытушысы;
2021-2024жж. Шымкент қалалық саз колледжі Қазақ халық аспаптар бөлімінің оқытушысы;
2021-2024жж. «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры;
2024ж. бастап Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Шымкент концерт «концерттік ұйымы» (филармония) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижеры;
2024 жылдың қыркүйегінен Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы.
Жетістіктері:
Халықаралық байқаулардың лауреаты.
Марапаттары:
2022ж. Шымкент қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығының алғыс хаты;
2022 ж. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Облыстық қосымша білім беру орталығының алғыс хаты;
2023ж. ҚР мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хаты;
2024 ж. Шымкент қаласы әкімінің алғыс хаты.