Zhanibekov university logo
Image

Математика

Кафедра Физика-математика
Image

Бексейт Рамазан

ramazanbekseit7@gmail.com

Мен, Бексейт Рамазан Нұрланұлы, 2004 жылы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округінде дүниеге келдім. Қазіргі таңда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Математика мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатырмын.

 

Оқу барысында пәндік білімімді тереңдетуге, педагогикалық құзыреттілігімді арттыруға және тәжірибелік дағдыларымды дамытуға ерекше көңіл бөлемін.

 

2023–2025 жылдары университет жанынан құрылған «Болашақ» пікірсайыс клубының президенті қызметін атқардым. Сонымен қатар белсенді студент ретінде түрлі қоғамдық жұмыстарға араласып, Университет Амбассадоры болдым.

 

Республикалық, қалалық және университетішілік пікірсайыс турнирлерінің жеңімпазы, жүлдегері әрі ұйымдастырушысы атандым. Сондай-ақ «Хабар» телеарнасындағы «Азамат» зияткерлік бағдарламасының қатысушысымын.

 

Алдағы уақытта білікті, заманауи талаптарға сай, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын математика пәні мұғалімі болуды мақсат етемін.