- Басты бет
- Кафедра туралы
- Кафедра мүшелері
- Бағдарламалар
- Оқу материалдары
- Ғылыми жобалар
- Кафедра құжаттары
- Жетістіктер
- Жарияланымдар
Есполат Ерасыл Ержанұлы
Мен Есполат Ерасыл Ержанұлы, Түркістан облысы Ақсукент ауылында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде <Математика-физика мұғалімі> мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Оқу барысында пәндік білімімді тереңдетуге және педагогикалық тәжірибемді дамытуға ерекше мән беремін.
Университеттегі түрлі қайырымдылық және мерекелік іс-шараларда тұрақты түрде өнер көрсетіп келемін. Осы уақыт ішінде университет тарапынан алғыс хаттармен марапатталдым.
Түркістан облысының құсбегісі, Қазақстан жастар мен жасөспірімдер құрама командасының мүшесі.
2024 Құсбегіліктен Жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан республикасының XIV чемпионатында қаршығадан 1 орын. 2025 жылы XV чемпионатында
Қаршығадан 1 орын, бүркіттен 3 орын .
2025 жылы Түркістан облысы Жыл үздігі-2025 жыл қорытындысы бойынша ҮЗДІК СПОРТШЫ номинациясы берілді. Құсбегілік спорт түрінен Қазақстан Республикасының Спорт шебері атағы берілді.
Болашақта білікті әрі заманауи талаптарға сай математика-физика пәні мұғалімі болуды мақсат етемін.