Zhanibekov university logo
Image

Математика

Кафедра Физика-математика
Image

Орынбасар Аружан Сейтғалымқызы

aru655@mail.ru

Мен, Орынбасар Аружан Сейтғалымқызы, 2005 жылы Шымкент қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Математика мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Оқу барысында пәндік білімімді тереңдетуге және педагогикалық тәжірибемді дамытуға ерекше мән беремін.

 

Университеттегі би ансамблінің мүшесі ретінде түрлі мәдени, шығармашылық, қайырымдылық және мерекелік іс-шараларда тұрақты түрде өнер көрсетіп келемін. Осы уақыт ішінде университет тарапынан алғыс хаттармен марапатталдым.

 

Ансамбль құрамында «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында жоғары оқу орындары арасындағы фан-клуб спорттық би жарысында Бас жүлдені иелендік. Сонымен қатар Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шара Жиенқұлованың туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Би падишасы» атты республикалық хореография байқауында Бас жүлде алдық. XY Ұлттық Дельфий ойындарының өңірлік кезеңінде жүлделі III орынға ие болдық.

 

Болашақта білікті әрі заманауи талаптарға сай математика пәні мұғалімі болуды мақсат етемін.