Zhanibekov university logo

Халықаралық бағдарламалар бөлімі — университеттің жаһандық білім беру және ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ететін, болашақ педагогтардың халықаралық тәжірибе жинақтауына жағдай жасайтын негізгі құрылымдық бөлімше.

Негізгі қызмет бағыттары:

  1. Шетелдік ғалымдарды тарту (Visiting Professors): Білім беру процесіне заманауи халықаралық әдістемелерді енгізу мақсатында әлемдік деңгейдегі профессорлар мен зерттеушілерді дәріс оқуға және шеберлік сыныптарын өткізуге шақыру.

  2. Қос дипломды бағдарламалар (Double Degree): Шетелдік серіктес университеттермен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және түлектердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

  3. Халықаралық гранттар мен жобалар: Erasmus+, Orhun сияқты ауқымды білім беру бағдарламаларын үйлестіру және халықаралық консорциумдармен жұмыс.

  4. «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламалары: Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы және «500 ғалым» жобасы аясында әлемнің топ-университеттері мен жетекші ғылыми орталықдарында тағылымдамадан өтуін үйлестіру және қолдау көрсету.

Біздің серіктестер:

Университет Еуропа (Польша, Германия, Румыния), Түркия, АҚШ, сондай-ақ ТМД және Орталық Азия елдерінің жетекші гуманитарлық және педагогикалық жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Байланыс мәліметтері:

  • Қазына ғимараты, 205 кабинет

  • E-mail: inter.coop@okmpu.kz