Бөлімнің жұмысы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушы-профессорлық құрамының, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдарының басылымдық белсенділігін арттыру арқылы университеттің ғылыми және кәсіби қауымдастықтағы беделі мен танылуын көтеруге бағытталған. Бөлім сонымен қатар журналды Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті ұсынған тізімге енгізу, ғылыми журналдың редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру және оны халықаралық ғылыми-библиографиялық дерекқорларда индекстеу жұмыстарын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бөлім университеттің барлық ғылыми жұмыстары мен бітіруші түлектердің еңбектерінің жобалық-зерттеу бөлімдерінің жарамдылығын антиплагиат жүйесі арқылы тексеріп, жұмыстарды қорғауға рұқсат беру бойынша анықтамалар береді.