IT департаментінің функциялары
1. IT-инфрақұрылымды басқару
- Серверлерді, жұмыс станцияларын, деректерді сақтау жүйелерін және желілік құрылғыларды жобалау, орнату және қызмет көрсету.
- Жергілікті желінің (LAN) және сымсыз желілердің (Wi-Fi) жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ VPN және VLAN жүйелерін ұйымдастыру.
2. Пайдаланушыларды қолдау
- Университеттің оқытушыларына, студенттеріне және әкімшілік персоналына техникалық қолдау көрсету.
- Компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және баптау, техникалық ақауларды шешуге көмек көрсету.
- Пайдаланушылардың есептік жазбаларын басқару (құру, жою, қолжетімділік құқықтарын баптау және т.б.).
3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- Университет деректері мен ақпараттық жүйелерін ішкі және сыртқы қауіптерден (вирустар, деректердің таралуы, кибершабуылдар) қорғау.
- Желіге рұқсатсыз қол жеткізуді бақылау және болдырмау, фаерволдар мен антивирустық бағдарламаларды баптау және әкімшілендіру, деректерді шифрлау.
- Қызметкерлер мен студенттерге ақпараттық қауіпсіздік негіздері бойынша оқыту жүргізу.
4. Білім беру және ғылыми платформаларды қолдау және дамыту
- АИС Platonus жүйесін техникалық қолдау және әкімшілендіру
https://platonus.okmpu.kz/ - Университеттің ресми сайтын қолдау және дамыту https://zhanibekov.edu.kz/
- «Антиплагиат» жүйесін әкімшілендіру
- Moodle жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету
- ILIM электрондық ғылыми журналын енгізу және қолдау
- KPI жүйесін енгізу және қолдау
- RFID кітапхана жүйесіне техникалық қолдау көрсету
- Оқу және әкімшілік ақпараттық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету
5. Әкімшілік процестерді автоматтандыру
- Электрондық құжат айналымы жүйесін қолдау, дамыту және әкімшілендіру
https://okmpu.documentolog.kz/ - Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне (СКУД) техникалық қолдау көрсету, қызметкерлерге (қызметтік куәлік) және білім алушыларға (студенттік билет) карталар шығару және тіркеу
- IP-телефония жүйесіне техникалық қолдау көрсету
- Бейнебақылау жүйесіне техникалық қолдау көрсету
6. Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жаңғырту
- Компьютерлік жабдықтарға (компьютерлер, интерактивті панельдер мен тақталар, LED-экрандар және т.б.), серверлер мен желілік құрылғыларға тұрақты техникалық қызмет көрсету және жаңарту.
- Кеңсе техникасын (принтерлер, МФҚ, сканерлер, IP-телефондар) қызмет көрсету және жөндеу.
- Бейнебақылау жүйесін қызмет көрсету және жөндеу.
- Жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ескірген бөлшектер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ауыстыру.
7. IT жүйелерінің жұмысын мониторингтеу және талдау
- IT-инфрақұрылымның жай-күйін тұрақты бақылау, ақауларды нақты уақыт режимінде анықтау және жою.
8. Жобаларды басқару
- Университет ортасына жаңа технологиялар мен жүйелерді енгізу жобаларын басқару.
- IT қызметтері мен технологиялары бойынша сыртқы жеткізушілермен жұмысты үйлестіру.
9. Қызметкерлер мен студенттерді оқыту және кеңес беру
- Жаңа технологиялар, жүйелер мен бағдарламаларды пайдалану бойынша тренингтер, семинарлар және консультациялар өткізу.
- Әртүрлі IT-ресурстарды қолдану бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және тарату.
10. Деректерді резервтік көшіру және қалпына келтіру
- Деректерді тұрақты резервтік көшіру жүйесін ұйымдастыру және қолдау.
- Ақаулар, деректердің жоғалуы және басқа да төтенше жағдайлар кезінде деректерді қалпына келтіру жоспарын әзірлеу және енгізу.
11. Типография және дизайнерлік жұмыстар
- Оқу материалдарын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды, монографияларды басып шығару.
- Әкімшілік құжаттарды, келісімшарттарды, бюллетеньдерді, сертификаттарды және университеттің басқа да ресми материалдарын тираждау.
- Ақпараттық буклеттерді, плакаттарды, парақшаларды (іс-шаралар мен жарнама үшін) өңдеу және басып шығару.
- Әртүрлі жобаларға арналған визуалды тұжырымдамаларды әзірлеу (семинарлар, конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, мерекелік іс-шаралар: плакаттар, буклеттер, жарнамалық материалдар, презентациялар).
- Баспа және электрондық материалдардың дизайнын әзірлеу (кітаптар, журналдар, сайттар, әлеуметтік желілер және т.б.).
- Университеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің логотиптері мен фирмалық стилін әзірлеу.
- Материалдардың үйлесімді әрі тартымды безендірілуін қамтамасыз ету үшін мәтіндермен және бейнелермен жұмыс істеу.
12. Цифрлық сервистер және онлайн-коммуникациялар
- Онлайн-конференциялар мен қашықтан өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру және техникалық қолдау көрсету.
- Бейнебайланыс және онлайн-оқыту сервистерін қолдау.