ҚАЛАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері қалалық пікірсайыс турнирінде жүлделі орын иеленді.
“Заң және тәртіп: қаржылық қауіпсіздік” тақырыбымен өткен сайысты ҚР Қаржы мониторингі Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.
«Тарихты үйретеміз» фракциясы бойынша Қалхабай Нұрмұхаммед мен Теңес Мейрамбек жүлделі екінші орын (смарт теледидар), ал
“Көз тимесін” фракциясының мүшелері Бексейіт Рамазан мен Ералы Шұғыла жүлделі үшінші орынды (принтер иеленді) иеленді.
Жүлдегерлерді университеттің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев қабылдап, жеңісімен құттықтады.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ