ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
Университетте «Алқа» әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сезім симфониясы» атты поэтикалық кеш өтті. Әдеби-мәдени шараны «Алқа» әдеби бірлестігінің жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Қарлығаш Сапарбаева ұйымдастырды. Кештің басты мақсаты – жас таланттардың шығармашылық әлеуетін таныту, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу.
Поэтикалық кеш барысында жас ақындар жүрек тербеген жырларын оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Өлең мен сезім үндескен шығармашылық жүздесу қатысушыларға шабыт беріп, әдебиет әлеміне деген қызығушылықты арттыра түсті. Кеш соңында университеттің Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек құттықтау сөз сөйлеп, жас таланттардың шығармашылығына сәттілік тіледі. Ол мұндай рухани-мәдени басқосулардың жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, тұлғалық дамуына ықпал ететінін атап өтті.
Сондай-ақ кәсіби актер Бүркіт Есімхан жас өнерпаздардың сахнадағы алғашқы қадамына жоғары баға беріп, шығармашылық ізденістеріне ақжолтай тілек білдірді. Ал белгілі әнші Үрәлхан Сейілбекова әсем әнімен кештің көркін келтіріп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Осыған ұқсас
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҰЛТ ЖАНАШЫРЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ