ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де IV Қазақстандық философиялық конгресс аясындағы мамандандырылған алаңда «Жасанды интеллект дәуіріндегі білім философиясы: адам, білім және педагогиканың болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті. Ғылыми жиынды университеттің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев ашып, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Ол жасанды интеллект дәуірінде білім беру жүйесінің алдында тұрған жаңа міндеттерге, цифрлық технологияларды тиімді пайдаланумен қатар, адами құндылықтар мен ұлттық дүниетанымды сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Конференцияның басты мақсаты – жасанды интеллект жағдайындағы білім философиясының өзекті мәселелерін талқылау, адам мен технологияның өзара байланысын зерделеу және педагогиканың болашақ даму бағыттарын айқындау. Ғылыми басқосуға отандық және шетелдік ғалымдар, зерттеушілер мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, білім беру кеңістігіндегі цифрлық трансформация, гуманистік құндылықтар, ұлттық мәдени бірегейлік және педагогикалық қызметтің өзгеруі жөнінде пікір алмасты.
Конференция жұмысы төрт ғылыми бағытты қамтыды. Атап айтқанда, адам, ойлау және жасанды интеллект; жасанды интеллект дәуіріндегі гуманистік құндылықтар мен білім беру этикасы; цифрлық дәуірдегі ұлттық құндылықтар мен мәдени бірегейлік; білім берудің болашағы және педагогикалық қызметтің трансформациясы мәселелері талқыланды. Жиынның негізгі сұрағы – «Жасанды интеллект дәуірінде білім беру қандай болуы керек?» деген өзекті сауал төңірегінде өрбіді. Қатысушылар технологиялық жаңашылдық пен адами капиталдың үйлесімді дамуы, білім алушылардың сыни ойлау қабілетін қалыптастыру, цифрлық сауаттылық пен академиялық адалдықты сақтау мәселелеріне назар аударды.
Конференция материалдары негізінде электронды ғылыми еңбектер жинағын шығару жоспарланған. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ғалымдар арасындағы ғылыми байланысты нығайтып, білім философиясы мен заманауи педагогиканың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Осыған ұқсас
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҰЛТ ЖАНАШЫРЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА