ЧЕХИЯЛЫҚ ҒАЛЫМНАН ДӘРІС ТЫҢДАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Чехиядан шақырылған ғалым Мартин Мусалек академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәріс оқуда.
Мартин Мусалек — Карлов университетінің (QS WUR (2025) 246) дене шынықтыру және спорт факультеті, әлеуметтік ғылымдар кафедрасының оқытушысы, философия докторы (PhD).
Шетелдік ғалымның дәрісін денешынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасының білім алушылары тыңдады. Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі, менеджменті, спорт ойындарын оқытудың заманауи әдістері туралы лекция қызықты әрі танымды болды. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ түлегі, бүгінде Карлов университетінде білімін жалғастырушы Руслан Жабаев болашақ спортшыларға тек мұғалім болып қана қоймай, денешынықтыру саласында басқа да заманауи кәсіп иесі атануға мүмкіндіктер барын жеткізді.
Ағылшын тілін жетік меңгерудің арқасында 700 жылдық тарихы бар Карлов университетінде білім алып жүрген ол жерлестеріне шетелдік оқу орындарында білім алудың ерекшеліктерін айтты. «Шетелде оқу үшін иллюзияға ерік бермей, нақты өзіңнің мүмкіндіктеріңді саралап бару керек. Ол қаржылай мүмкіндігің мен білім потенциалың, тіл білуің.
Қазақстан — болашақ мамандарды даярлауға мемлекеттік грант бөлуде жетекші ел деп айта аламын, мұндай мүмкіндік біз айтып отырған әлемдік іргелі оқу орындарында да кездеспейді» дейді сарапшы.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ