ЖАСТАР ЖАРҚЫРАЙДЫ!
ЖАСТАР ЖАРҚЫРАЙДЫ!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 3-курс студенттеріне арналған думанды кеш өтті.
«Алтын аралық — сенің жұлдызды сәтің» деп аталған кеш студенттердің шығармашылық және кәсіби қабілетін дамытуға арналды. Сондай-ақ, әр факультет арасындағы ынтымақтастықты арттыруға арналған салтанатты шара жастар арасындағы жарасымды достықты көксейді.
Думанды кешті университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөзбен ашты.
— Университетімізде барлығы 8 000 астам студент болса, оның 2000 астамы үшінші курста оқиды. Сіздер әлемдік пандемия кезінде оқуға түскендіктен арнау кеші, тіпті, Білім күніне арналған салтанатты шара өткізілмеді. Осыны ескеріп, сіздер үшін арнайы думанды кеш ұйымдастыруды жөн көрдік. Күнделікті жұмыс барысында көптеген құжаттарға қол қоямын, оның ішінде студенттердің басқа оқу орнына ауысуы немесе шығып кетуі сияқты бұйрықтар да бар. Ал, сіздер, бізді таңдағандарыңызға рақмет! Болашақтарыңыз жарқын болсын! —деді Гүлжан Дәулетбекқызы.
Қаладағы «Арман» мейрамханасында өткен кеш ретро стильде ұйымдастырылды. Жастардың киіну үлгісі мен әсем музыка ырғағы өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдарына оралтқандай. Концерттік бағдарламада әр факультет мамандықтың маңызына сай ролик дайындап, флешмоб болды. Еркін тақырыпта және музыкалық шығарма бойынша сайыс жеңімпаздары анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ал, бұл жолғы жастар кешінің жұлдызды қонағы Әділет Жауғашар болды. Эстрада әншісімен қосыла ән айтқан студенттер суретке түсіп, жарықшамы аясындағы думанды сәт би кешіне ұласты.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ