ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР УНИВЕРСИТЕТ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына шетелдік ғалымдарды оқытушылық қызметке тарту бағдарламасы бойынша визитинг-профессор ретінде шақырылған шетелдік ғалымдар университет тынысымен танысты. Шетелдік әріптестерге оқу ордасындағы оңды істерді Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек таныстырды.
Путра университетінің қауымдастырылған профессоры Новиа Индриати Адмодисастро (Малайзия), Джавахарлал Неру университетінің профессоры Манджу Хари (Үндістан), Галгошиас университетінің қауымдастырылған профессоры Арвинд Панвар (Үндістан), Вроцлав университетінің қауымдастырылған профессоры Дорота Мария Дружиловска (Польша), Хажы Байрам Вели университетінің профессоры Хулия Касапоглу Ченгель (Түркия) Өзбекәлі Жәнібеков орталығында болып, университетке аты берілген қайраткердің ерен еңбегінен хабардар болды. Сондай-ақ, Ә. Дербісәлі атындағы ғылыми кітапханада болып, білім алушыларға арналған ақпараттық ресурстар мен кітап қоры жайында ақпарат алды.
Қолөнер, бейнелеу өнері туындылары, ұлттық музыкалық аспаптар сынды ұлттық құндылықтар жинақталған көрме орталығы шетелдік қонақтарды бей-жай қалдырмады. Сондай-ақ, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Подушкин жетекшілік ететін Археологиялық орталық шетелдік ғалымдардың ерекше қызығушылығын тудырды. Ғалымдарды облыс аумағындағы қазба жұмыстары барысында табылған ежелгі тас, қола дәуіріне жататын құнды жәдігерлер туралы ақпаратты археологтың өзі егжей-тегжейлі баяндап берді.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ