«КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА» - челленджі
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ жанынан жақында Әбсаттар Дербісәлі атындағы ғылыми кітапхана ашылған еді. Университеттің жаратылыстану факультетінің деканы Айгүл Айтбаева осыған орай кітапханаға өзінің жеке қорынан 270 кітап сыйға тартты.
— Білімді жастарымыз көп болсын деген ниетпен үйде жиналған кітаптарды сыйға тартуды жөн көрдім. Үйде оны үш-төрт адам оқыса, университетте жүздеген білім алушы оқуына мүмкіндік бар. Көптің кәдесіне жарап жатса ризамын, - дейді Айгүл Ергенқызы.
Осыған орай университет басшылығы «Кітапханаға кітап сыйла» челленджін жолдайды. Игі іске барлық оқырман, оқытушы-педагог құрам мен білім алушылар, жалпы кітапсүйер қауым қатысуына болады.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ