Ғалым: «Қазақстанда АЭС салудың экологиялық қаупі жоқ»
3 Қазан 2024, 15:24
Медиа Орталық
Халима САРТАЕВА, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессоры, БҰҰ экология және Тіршілік қауіпсіздігі Халықаралық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі:
— Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының академигі болған Оразалы Балабековтің басшылығымен бүгінгі күнге дейін гранттық қаржыландыру шеңберінде, сонымен қатар жүйелі түрде дипломдық және магистрлік жұмыстармен жыл сайын уран өндіруші кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері бойынша мониторинг түрінде ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
Біздің зерттеулеріміздің нәтижелерінде топырақ, су көздерінің, флора мен герпетофаунаның ластану дәрежесі айтарлықтай екенін көрсетті. Тәжірибелік учаскенің өсімдіктерінің биомассасындағы ауыр металл иондарының мөлшері экологиялық таза аудандардың көрсеткіштерінен айтарлықтай ерекшеленбейтіні анықталды. Радиометриялық зерттеулерді талдау зерттелген өсімдік фитомассасының үлгілерінің радиациялық фоны ШРК мәндері – шекті рұқсат етілген концентрация шегінде екенін көрсетті. Анатомиялық зерттеулердің нәтижелері біз зерттеген организмдердің анатомиялық құрылымында ауытқулар жоқ екенін көрсетті. Яғни, Қазақстанда АЭС салудың экологиялық қаупі жоқ.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
29 Қыркүйек 2026, 14:49
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
28 Қыркүйек 2026, 16:55
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
28 Қыркүйек 2026, 12:04
Хабарландыру. 25.09.2026
25 Қыркүйек 2026, 17:49
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 Қыркүйек 2026, 11:27
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
25 Қыркүйек 2026, 09:45
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
18 Қыркүйек 2026, 14:10
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
18 Қыркүйек 2026, 11:55
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ
17 Қыркүйек 2026, 17:21
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
17 Қыркүйек 2026, 16:24