ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ БЕРІЛДІ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету төрағасының 2025 жылғы 22 мамырдағы 778-бұйрығына сәйкес Ақмарал Жақсыбекқызы Тажековаға 50700- Әлеуметтік және экономикалық география ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Ақмарал Жақсыбекқызы еңбек жолын Шымкент қаласындағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы №64 орта мектепте география мұғалімі болып бастаған.
2008 жылдан қазіргі күнге дейін Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, «География» кафедрасының доценті м.а., кафедра меңгерушісі қызметінде. Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 25 жылды құрайды. Соңғы 5 жылда 70-тен астам ғылыми-әдістемелік еңбегі жарық көрген, оның ішінде WoS және Scopus базаларында процентилі 35-тен жоғары рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда 4 мақаласы бар. Сонымен қатар магистранттар мен студенттермен бірлесіп дайындалған 40-ға жуық баяндамасы халықаралық және республикалық деңгейдегі конференция материалдарының жинақтарында жарияланған.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ