ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРІ — ҰРПАҚ ЖАДЫНДА
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 93 жыл толуына орай «Ұлт қайраткері —ұрпақ жадында» атты тұлға ұрпақтарымен кездесу өтті.
Іс-шараға шақырылған қонақтар алдымен Өзбекәлі Жәнібеков ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін «Қазақстан» мәжіліс залында өткен ауқымды басқосуда ұлы Бауыржан Өзбекәліұлы, келіні Гауһар Жұмасейітова, немересі, Өзбекәлі Жәнібек қорының президенті Әзел Бауыржанқызы естеліктер айтты. Ал, көзкөрген замандастар мен жәнібековтанушылар Сайлаукүл Барақова, Құлбек Ергөбек жақсының асыл қасиеттерін естелікпен жаңғыртып, тұлғатану дәуірі енді басталғанын айтты.
Тағлымды жиынды Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева жүргізді. Қайраткерге арналған деректі фильм көрсетіліп, қонақтарға Өзбекәлі Жәнібеков портреті бейнеленген кілемше тарту етілді.
Кездесу аясында айтылған тұшымды деректер мен естелік әңгімелер, сұхбаттарды алдағы уақытта парақшамызға жарияланған БАҚ сілтемелерінен оқып, көре аласыздар.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ