Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасының 1-курс 1401-14 тобының білім алушылары Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сағадат Нұрмағамбетов қазақтың тұңғыш Халық Қаһарманы» тақырыбында ашық тәрби
2024 жылдың 30 қыркүйек күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің 6В01401-«Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасының 1-курс 1401-14 тобының білім алушылары Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сағадат Нұрмағамбетов қазақтың тұңғыш Халық Қаһарманы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Топ тәлімгері Түймебай Т.Ж. Қонақтары: Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекбосунов А.К., Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Шегенбаев Н.Б.
Іс-шара барысында Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, бірінші “Халық Қаһарманы” атағының иегері, Қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы, майданда болған жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдары жасаған ерліктері, білім алушыларды әскери машыққа баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу жолындағы еңбегі жайында баяндалды.
Осыған ұқсас
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ