COURSERA — ӘЛЕМДІК БІЛІМГЕ АШЫЛҒАН ҚАҚПА!
ZHANIBEKOV UNIVERSITY биыл Coursera
білім платформасының 700 пайдаланушы лицензиясын иеленді. Бұл ауқымды шара ҚР
Ғылым және жоғары білім министрлігінің еліміздің студенттеріне әлемдік цифрлық
білім платформаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы бастамасы
аясында жүзеге асуда.
Бұл курстар 31- желтоқсанға дейін
қолжетімді. Қазіргі таңда 1-лек бойынша 700 студент Coursera курстарына
тіркеліп, 1538 сертификат иеленді. Ал, 2-лек студенттері оқуларын жалғастыруда.
Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш еселеп артады деп күтілуде. Сонымен қатар, 2025
жылдың сәуір айынан бастап университет оқытушыларына арналған арнайы курс –
"Getting Started with Course Builder" іске қосылды. Бұл Coursera
платформасында МООК (жаппай ашық онлайн курс) жүктеуді үйретуге бағытталған.
Қазірдің өзінде 30 оқытушы курсты аяқтап, сертификат иеленді.
Айта кетелік, Coursera – әлемнің үздік
университеттері мен алдыңғы қатарлы компаниялары (мысалы, Stanford, Yale,
Google, IBM т.б.) ұсынатын онлайн курстар, мамандықтар мен білім бағдарламаларын
қамтитын халықаралық білімплатформасы. Мұнда кез-келген адам түрлі салада, IT
және бағдарламалау, бизнес пен басқару, дизайн және шығармашылық, жаратылыстану
ғылымдары, тіл үйрену және басқа да бағыттар бойынша әлемдік деңгейдегі білімге
қол жеткізе алады.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ