ТҮРКИЯНЫҢ ТРАБЗОН, АНКАРА УНИВЕРСИТЕТІНЕН ҒАЛЫМДАР КЕЛДІ
Zhanibekov University–не Түркия
Республикасының Трабзон университетінен және Анкара музыка және бейнелеу өнері
университетінен арнайы шақырылған ғалымдар келді. Бұл сапар академиялық
ұтқырлық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, студенттерге дәрістер мен
семинарлар өткізілді.
Трабзон университеті «Бейнелеу өнері
және дизайн» факультетінің профессоры, өнертану ғылымдарының докторы Ahmet Türe
және Анкара музыка және бейнелеу өнері университетінің галерея көркемдік
жетекшісі, «Өнер және дизайн» факультеті «Дәстүрлі түрік өнері» кафедрасының
меңгерушісі, профессор Ruhi Konakқа университет тынысы таныстырылды. Ғалымдарды
Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан
Керімбеков қабылдады.
Кездесу барысында университеттер
арасындағы өзара ынтымақтастық, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, гранттық
қаржыландыру конкурстарына қатысу, сондай-ақ докторанттардың диссертациялық жұмыстарына
ғылыми жетекшілік ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «Өнер және білім»
факультетінің студенттеріне Эбру және Керамика өнері бойынша шебірлік
сағаттарын өткізіп, тәжірибе бөлісті.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ