СТУДЕНТТЕР ҚОЛЫНА ҚОС ДИПЛОМ АЛАДЫ
Zhanibekov University-де халықаралық ынтымақтастықты стратегиялық дамыту аясында Түркияның Анкара университеті өкілдерімен ресми кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар екі университет арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Келіссөздердің негізгі тақырыбы студенттерге екі елде бір уақытта білім алуға және оқуды аяқтағаннан кейін екі оқу орнының да дипломдарын алуға мүмкіндік беретін қос дипломдық бағдарламаны іске қосу мәселесін талқылау болды.
Жиынға университет проректорлары мен бейіндік факультеттер мен арнайы орталық басшылары қатысты. Қатысушылар сонымен қатар қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асырудың ықтимал бағыттарын, атап айтқанда, арнайы білім беру салаларын да талқылады. Сондай-ақ, студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, бірлескен басылым қызметі және халықаралық ғылыми гранттарға қатысу мәселелері қозғалды.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ білім беру әдістері мен академиялық бағыты студенттердің жан-жақты дамуы мен кәсіби өсуіне бірегей мүмкіндіктер ашуда. Келіссөз қорытындысында қос тарап алдағы оқу жылынан бастап алғашқы бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асырмақ.
Осыған ұқсас
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ