2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕКІНШІ АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Zhanibekov University-де 2025–2026 оқу жылының екінші академиялық кеңес
мәжілісі өтті. Кеңеске факультет декандары, кафедра
меңгерушілері, бөлім және орталық басшылары қатысты.
Мәжілісті Басқарма мүшесі-Академиялық
мәселелер жөніндегі проректор Жанбол Жылбаев жүргізді. Күн тәртібінде оқу
процесін ұйымдастыру мен сапаны арттыруға бағытталған бірнеше өзекті мәселе
қаралды. Атап айтқанда, күзгі семестр пәндерінің қорытынды бақылау түрлері
бекітіліп, Platonus жүйесіндегі емтихан тест сұрақтарының жасақталуы, сондай-ақ
пәндердің белсенді үлестірмелі материалдарының (БҮМ) жүктелу деңгейі мен сапасы
талқыланды.
Сонымен қатар, кеңес барысында 2025–2026 оқу жылында қабылданған білім алушылар үшін “Кәсіптік практика бағдарламасын” бекіту және оқытушылардың оқу-әдістемелік құралдарын баспаға ұсыну тәртібі мәселелері қаралды. Кеңес қорытындысында проректор Жанбол Октябрьұлы оқу үдерісін жетілдіру, цифрлық жүйелердің тиімділігін арттыру және академиялық сапаны қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берді.



Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ