УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ФИЛОСОФИЯ PhD ДОКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY докторанттары Майра Бедебаева мен Венера Нахыпова жақында «Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін иеленген еді. Осыған орай ғалымдарды Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қабылдады.
Әлібек Нұрбайұлы ізденіс жолындағы зерттеушілерді жаңа жетістігімен
құттықтап, алдағы ғылым сапарына сәттілік тіледі. Кездесу барысында ол докторанттардың оқу орнының
ғылыми әлеуетін арттыруға қосқан үлесін жоғары бағалап, болашақта да ғылым мен
білім саласында табысты еңбек ете берулеріне тілектестік білдірді.
Майра Бедебаева мен Венера Нахыпованың зерттеулері информатика педагогикасы
саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Докторанттар да өз кезегінде университет басшылығына,
ғылыми жетекшілері мен оқытушылар құрамына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Олар ғылыми зерттеулерін әрі қарай жалғастырып, оқу үдерісіне заманауи цифрлық
технологияларды енгізу, информатика педагогтерін даярлаудың жаңа тәсілдерін
дамыту бағытындағы ізденістерін жалғастыра беретінін атап өтті. Бұл оқиға білім
ордасының ғылымға, жас зерттеушілерді қолдауға және инновациялық идеяларды
дамытуға деген ұмтылысының жарқын дәлелі болып табылады.
Жас PhD иегерлеріне алғыс хаттар табысталып, алдағы ғылыми жобалар мен халықаралық конференцияларға қатысу, бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері талқыланды. Кездесу соңында естелік суретке түсіп, жаңа ғылыми белестерге бағытталған жоспарлар айтылды.

Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ