ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА
ZHANIBEKOV UNIVERSITY жаратылыстану факультеті, химия кафедрасы химия ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Наиля Шертаеваның жетекшілігімен «Білім беру процесінде интегративті тәсілді іске асыру контекстінде химия мен биологияны оқытуда виртуалды және толықтырылған шындық технологияларын қолданудың әдістемелік аспектілерін әзірлеу» ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асуда. Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын жобаның мақсаты – білім алушылардың материалды игеру сапасын және қызығушылығын жақсарту үшін химия мен биологияда VR технологияларын пайдалану моделін әзірлеу және сынақтан өткізу.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі белсенді цифрлық трансформациядан өтуде және ең перспективалы бағыттардың бірі - виртуалды шындық (VR) технологияларын енгізу. Бұл технологиялар нақты және абстрактілі процестерді модельдеуге мүмкіндік береді, қауіпсіз және интерактивті білім беру ортасын жасайды. Химия және биология сияқты жаратылыстану ғылымдарында VR технологиялары микроәлемді, молекулалық реакцияларды және анатомиялық құрылымдарды көрсетудің бірегей мүмкіндіктерін ұсынады.


Осыған ұқсас
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ