«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
ZHANIBEKOV university-де дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы аяқталды. Бүгін жарыстың салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздар анықталып, жүйріктер марапатталды.
— Қызметкерлер арасында достықты
нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спартакиада өз мәресіне
жетті. Жарысқа үлкен қызығушылықпен қатысып, спортшыларымыз өз араларында кім
мықты екенін тануда,-деген Баршагүл Қашқынқызы жеңімпаздарға алғыс хат пен
қаржылай жүлде табыс етті.
Сайыс қорытындысында жалпыкомандалық
есепте ұпай саны бойынша бірінші орынды департамент жастары құрамасы жеңіп
алып, алғыс хат пен 300 000 теңге жүлдені иеленді. Ал, екінші орынды жеңіп
алған ІТ және тіркеу офисі командасына 200 000 теңге, сондай-ақ, үшінші орынды
жеңіп алған физика-математика факультетіне 100 000 теңге сыйлық табысталды.
Сондай-ақ, жекелеген спорт түрлері бойынша жеңімпаздар да құралақан қалған жоқ. Алты спорт түрінен жүлдегерлер анықталып, 1-орын иегерлеріне 50000 теңге, 2-орын иегерлеріне 30000 теңге, ал 3-орны иегерлеріне 20000 теңгеден табыс етілді. Дәстүрлі жарыс осылайша биыл да тартысты өтіп, өз мәресіне жетті.






Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ