ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі тағайындалған түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Маңызды шарада университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев түлектерді жетістіктерімен құттықтап, педагог мамандығының қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.
— Бүгін сіздер тек магистр дипломын ғана емес, ел болашағына жауапты маман мәртебесін алып отырсыздар. Сіздердің білімдеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз ұлттық білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосады деп сенемін», – деді Әлібек Нұрбайұлы өз сөзінде.
Салтанатты жиынға сондай-ақ, Басқарма мүшесі—Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жанбол Жылбаев, Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Аққоңыр Жылысбаева, «Үміт» білім алушыларға қызмет көрсету орталығының басшысы Гүлмира Керімқұлова мен түлектер, олардың туыстары қатысты.
Рәсім барысында 8 бірдей түлекке диплом салтанатты түрде табысталып, олардың оқу барысындағы жетістіктері атап өтілді. Сонымен қатар, магистранттар ұстаздарына алғыс білдіріп, университет қабырғасында алған білімдері мен тәжірибелері алдағы еңбек жолына негіз болатынын жеткізді. Шара соңында естелік суретке түсіп, болашақ кәсіби қызметтеріне табыс тіледі.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ