«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні аясында Жәнібеков университетінде дәстүрге айналған «Жәнібеков университетінің кітап фестивалі» өтті.
Биыл руханият мерекесіне айналған айтулы шараға 6 жыл толып отыр. Алты жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан игі бастама – білім мен парасаттың, кітапқа деген құрметтің жарқын көрінісі.
Кітап сыйлау блиц-акциясы барысында профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер, білім алушы жастар бір-біріне кітап тарту етіп, ой-пікір бөлісті. Бұл – жай ғана сый алмасу емес, рухани сабақтастықтың белгісі.
Фестивальдің ашылуында Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек ізгі тілегін білдіріп, кітаптың қоғам дамуындағы маңызын ерекше атап өтті. Проректор сондай-ақ университеттің кітапхана қорына өз атынан Шымкент қаласының тарихына арналған жинақты тарту етсе, әріптестеріне жекелей кітап сыйлады.
Іс-шара аясында «Атамұра» корпорациясы, «Қасым» кітап дүкені, «Отбасы хрестоматиясы» баспасы өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы ЖОО-лардың белсенді жастары қатысып, фестивальдің мазмұнын байытып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ