ӘСКЕРИ КАФЕДРА ТҮЛЕКТЕРІНІҢ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ
Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да әскери кафедра түлектерінің әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Университет алаңында өткен салтанатты жиында әскери кафедра қызметкерлері мен студенттер салтанатты киім мен далалық формада қос қатар сап түзеді. Кафедра басшысы жауынгерлік Туды оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен ортаға алып шығып, бұйрық беріп, Басқарма төрағасы-ректор м.а Әлібек Нұртаевқа салтанатты іс-шараны өткізуге дайындық барысы туралы баяндады. Бұдан кейін ҚР Әнұраны орындалды.
Салтанатты жиында Басқарма төрағасы-ректор м.а Әлібек Нұртаев құттықтау сөз сөйледі. Әлібек Нұрбайұлы өз сөзінде бүгінде еліміз тыныштық пен бейбітшіліктің арқасында тұрақты дамып келе жатқандығын, ҚР Конституция талаптарын сақтау мен әскери анттың маңыздылығын атап өтті. Бұдан кейін кафедра басшысының бұйрығымен жеке құрам әскери ант қабылдау рәсімін өткізді. 2026 жылы университет жанындағы әскери кафедраны барлығы 939 түлек бітірді.
Саптық алаңнан Ту шығарылғаннан кейін жеке құрам трибуна алдынан салтанатты маршпен өтті. Түлектердің ата-аналары құттықтау сөз сөйлеп, үлкен өмірге жолдама берген оқу орнына ризалықтарын білдірді. Ант қабылдаушылар мен қонақтарға өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылып, естелікке суретке түсті.



Осыған ұқсас
КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ
ДӘСТҮРТАНУ ПӘНІН МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗУДІ ҰСЫНДЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ 05.05.2026
Хабарландыру. 04.05.2026
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ МЕН МҰҒАЛІМДЕРДІ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
ӨҢІРЛІК ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ: СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК
«ОҢТҮСТІК ТАРИХЫНАН СЫР» АТТЫ МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ