ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ОҚЫТУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға арналған «Жасанды интеллектті білім беру үдерісінде тиімді пайдалану» тақырыбындағы курс өз жұмысын бастады.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған «International Project Management Consulting Group» ЖШС ұйымдастырып отырған курс аясында университет оқытушылары жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізу, оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану бағыттары бойынша тәжірибелік дағдыларын дамытуда.
Офлайн форматта өтіп жатқан практикалық сабақтар 30 маусымға дейін жалғасады. Курсты аяқтағаннан кейін де қатысушыларға қолдау көрсету мақсатында компания мамандары жыл соңына дейін консультациялық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізбек. Сонымен қатар оқытушылардың үздіксіз білім алуына мүмкіндік беретін арнайы білім беру платформасы қолжетімді болады.
Бүгінде жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану жоғары білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Аталған курс профессор-оқытушылар құрамының цифрлық құзыреттілігін арттыруға, заманауи білім беру технологияларын меңгеруге және оқу үдерісінің сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.
Осыған ұқсас
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ