ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Zhanibekov University-де Fuzheng Education компаниясының өкілі Нұрлан Шәдібекұлы Алдабергеновпен кездесу өтті. Кездесуге Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев, Ректордың кеңесшісі Мұқаш Ескендіров және Басқарма мүшелері-проректорлар қатысты.
Кездесу барысында тараптар университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамыту, Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестікті нығайту, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық алмасуын кеңейту, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Интернационалдандыру және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Нұрдаулет Хангелді университеттің халықаралық қызметі, Қытайдың жоғары оқу орындарымен қалыптасқан серіктестік байланыстары және алдағы ынтымақтастық жоспарлары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Үрімші қаласындағы серіктес университет базасында Өзбекәлі Жәнібеков орталығын ашу және болашақта Қытайда Zhanibekov University филиалын кезең-кезеңімен құру бастамалары таныстырылды.
Тараптар Қытайдағы этникалық қазақ жастарын университеттің білім беру бағдарламаларына тарту, қазақ тілі мен мәдениетін дәріптеу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру байланыстарын одан әрі нығайту бағыттарына ерекше назар аударды. Бұл кездесу Zhanibekov University-дің Қытайдағы серіктестік желісін кеңейтіп, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа академиялық мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталды.
Осыған ұқсас
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ