ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ғылым мен білім саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге ниетті. Бүгін екі жоғары оқу орнының басшылығы кездесіп, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және биотехнология бағытындағы зерттеулерді дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында 2026–2036 жылдарға арналған «Биотехнологияны дамытуға арналған ұлттық жоспар» аясында педагогикалық университеттің биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулері таныстырылды. Тараптар аталған бағыттағы ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану, тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеу жобаларын әзірлеу және жас ғалымдарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Жанна Сейтжанова екі оқу орны арасындағы әріптестіктің медициналық және биотехнологиялық ғылымдардың дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Кездесу қорытындысында тараптар ғылым мен инновацияны ұштастыратын бірлескен жобаларды іске асыруға, зерттеу жұмыстарын кеңейтуге және ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға уағдаласты.
Осыған ұқсас
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ