БОС ГРАНТТАР ИЕСІН ТАПТЫ
8 Сәуір 2025, 13:03
Медиа Орталық
Бүгін университетімізде 2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы қорытындылары бойынша білім беру гранттары берілді.
Аталған гранттар жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған орындар болып табылады. Бос гранттар ҚР Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына сәйкес республикалық конкурстық комиссия отырысының шешімімен тағайындалған. Қуаныш иелеріне гранттарды университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева табыстады. Бакалавр бағыты бойынша қысқы емтихан сессиясы нәтижесімен 96 үміткер, магистратура бағытында 30 үміткер босаған білім грантын жеңіп алды!
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
29 Қыркүйек 2026, 14:49
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
28 Қыркүйек 2026, 16:55
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
28 Қыркүйек 2026, 12:04
Хабарландыру. 25.09.2026
25 Қыркүйек 2026, 17:49
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 Қыркүйек 2026, 11:27
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
25 Қыркүйек 2026, 09:45
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
18 Қыркүйек 2026, 14:10
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
18 Қыркүйек 2026, 11:55
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ
17 Қыркүйек 2026, 17:21
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
17 Қыркүйек 2026, 16:24