МЕРИТОКРАТИЯ: БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ӨТТІ
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ-да профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс белгіленген тәртіппен өткізілді. Конкурс барысында үміткерлердің білімі, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, ғылыми-педагогикалық жетістіктері және тиісті лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі қаралды.
Конкурстық рәсімдер заңдылық, тең мүмкіндік, ашықтық, объективтілік және меритократия қағидаттары негізінде жүзеге асырылды. Конкурстық комиссия үміткерлердің құжаттарын зерделеп, әңгімелесу және бағалау нәтижелерін ескере отырып, әрбір бос лауазым бойынша тиісті шешім қабылдады. Конкурс қорытындысы бойынша конкурстан өткен үміткерлерді тиісті лауазымдарға тағайындау туралы ұсынымдар енгізілді.
Әділ әрі ашық конкурс өткізу – университеттің кәсіби кадрлық әлеуетін нығайтудың және білім сапасын арттырудың маңызды тетігі.

Осыған ұқсас
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ