ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ұжымы кезектен тыс ғылыми кеңес мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабын оқып, талқылады. Спикер, Ғылыми кеңес төрағасы-Ректор Қайрат Балабиев кеңес мүшелеріне кітаптың мазмұны, негізгі идеялары мен қоғам дамуына қатысты өзекті мәселелері туралы баяндама жасады. Кітаптағы Мемлекет басшысының елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділеттілік қағидаттарын орнықтыру, азаматтардың жауапкершілігін арттыру және қоғамның жаңғыруы бағытындағы ой-тұжырымдарын жеткізді.
Кітаптың атауында көрініс тапқан «әділетті қоғам» және «шыншыл сөз» ұғымдары қазіргі қоғамдағы ашықтық, жауапкершілік, адалдық, өзара сенім және азаматтық ұстаным мәселелерімен сабақтасқан. Бұл туралы профессор, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек жан-жақты түсінік беріп, пікір білдірді. Ғалымның айтуынша, жинақта айтылған ойлардың барлығы ұлт сапасы қағидатына негізделген. Ал, ұлт сапалы болуы үшін ұрпақ саналы болуы қажет. Әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі ретінде заң талаптарын сақтау, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайту және әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіну қажеттігі де атап өтілді.
Талқылау барысында білім мен ғылым саласының қоғам дамуындағы орнына да ерекше назар аударылды. Жоғары білім беру ұйымдарының негізгі міндеттерінің бірі – бәсекеге қабілетті, кәсіби білімі терең, отансүйгіш және қоғамдық жауапкершілігі жоғары мамандар даярлау екені айтылды. Осы тұрғыдан алғанда, университет ұжымы білім алушылардың бойында академиялық адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, әділдік және азаматтық белсенділік құндылықтарын қалыптастыруға басымдық беруі қажет. Кітаптағы идеяларды университеттің білім беру және тәрбие үдерісімен сабақтастыру мәселелері талқыланды. Айта кетелік, бұған дейін аталған жинақ университет ұжымына табысталып, оның таныстырылымы өткені туралы хабарлаған болатынбыз. Ғылыми кеңес мәжілісінде басқа да күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, маңызды шешімдер қабылданды.

Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
Хабарландыру. 25.09.2026
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Хабарландыру 15.09.2026