ЧЕХИЯЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ БІЛІМ АЛАДЫ
1 Сәуір 2025, 18:35
Медиа Орталық
Чехияның Оломоуц қаласының Палацк университеті білім алушыларының Zhanibekov University-гі кезекті академиялық ұтқырлық бағдарламасы басталды. Бағдарламаның алғашқы күнінде шетелдік білім алушыларды университеттің Басқарма төрағасы-Ректордың у.м.а. Гүлжан Сүгірбаева және Басқарма мүшелері қабылдап, оқу бағдарламасын жемісті аяқтауға сәттілік тіледі.
1573 жылы құрылған, Чехиядағы ең көне оқу орындарының бірі саналатын Палацк университеті мен Жәнібеков университеті арасындағы ынтымақтастық меморандумы шеңберінде былтыр бастау алған өзара алмасу бағдарламасы аясында, екі тараптан 20 білім алушы ұтқырлық бағдарламасына қатысып, тәжірибе жинады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы қалай жүргізіледі?
Биылғы оқу жылында жалғасын тапқан бағдарлама білім беру бағыттары бойынша дәріс, семинарлармен қоса, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрімен сусындататын мәдени-танымдық іс-шараларды да біріктіреді.
Сондай-ақ, шетелдік білім алушылар педагогтар даярлауда тәжірибе ордасы саналатын, қаламыздағы мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарымен де танысатын болады.
Осылайша, университет халықаралық ынтымақтастық шеңберінде өз білім алушыларына әлемдік білім кеңістігімен интеграцияланудың үлкен мүмкіндіктерін ұсынып отыр.

Осыған ұқсас
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
20 Қараша 2026, 10:30
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
20 Қараша 2026, 09:36
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
19 Қараша 2026, 18:21
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
18 Қараша 2026, 17:26
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
18 Қараша 2026, 11:30
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
17 Қараша 2026, 17:29
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
17 Қараша 2026, 16:25
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
16 Қараша 2026, 17:47
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16 Қараша 2026, 16:37
ҰЛТ ЖАНАШЫРЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА
16 Қараша 2026, 15:07