СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері Шымкент қаласы Жастар орталығы ұйымдастырған «Терең тарихтан – жарқын болашаққа» атты турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, арнайы номинациялар бойынша үздіктер қатарынан көрінді! Аталған турнир 25-қазан Республика күніне орай ұйымдастырылды.
Қазақ және орыс тілдерінде өткен зияткерлік сайыста физика-математика факультетінің 4-курс білім алушысы Қалдарбек Асылхан қазақ тіліндегі турнирдің «Үздік сарапшы» номинациясының иегері атанды. Ал, филология факультетінің «Екі шет тілі» мамандығының 2-курс білім алушысы Нарботаева Мерей орыс тіліндегі турнирдің «Үздік сарапшы» номинациясын жеңіп алды. Тарих пен бүгінгі қоғамды саралап, өз білімін, талдау қабілеті мен сараптамалық шеберлігін танытқан студенттеріміздің жетістігі – университет мақтанышы!
Осыған ұқсас
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!
УНИВЕРСИТЕТТЕ «ОЙ ҚОЗҒАУ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ: АДАМИ КАПИТАЛ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ РЕСУРСЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!