РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін университет Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиев оқу орнындағы «Жайдарман» үйірмесінің жетекшісі Тағай Нұралиевпен және «Он алты қыз» командасының ойыншыларымен кездесіп, еркін пікір алмасты.
Кездесу барысында жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, жайдарман жастар ойындарын қолдау және студенттердің қоғамдық-мәдени өмірге белсенді қатысуы жөнінде ойлар ортаға салынды. Ректор команда мүшелерімен сұхбаттасып, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.
Жиынға университеттің стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек те қатысты. Ол жастар бастамаларын қолдауға бағытталған алдағы жобалармен бөлісіп, студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдауға және талантты жастарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар туралы ой бөлісті.
Еркін форматта өткен кездесу жастардың бастамаларын қолдау, олардың тың идеяларын жүзеге асыру және университеттегі шығармашылық ортаны дамыту бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Осыған ұқсас
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!
УНИВЕРСИТЕТТЕ «ОЙ ҚОЗҒАУ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ: АДАМИ КАПИТАЛ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ РЕСУРСЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!