«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!
Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Үздіксіз білім беру және құзыреттілік орталығының ұйымдастыруымен «Күміс университетінде» жаңа оқу жылы басталды.
Биылғы оқу жылында «Компьютерлік және цифрлық сауаттылық» білім беру бағдарламасы бойынша 25 тыңдаушы білім алуды бастады. Курсты ІТ саласының білікті маманы, өз ісінің шебері Алымова Бекзада Нұрлыбекқызы жүргізеді. Өз саласын жетік меңгерген, кәсіби білімі мен тәжірибесін өзгелермен бөлісуге дайын маманның жетекшілігімен тыңдаушылар жаңа дағдыларды меңгеріп, цифрлық әлемге сенімді қадам басады деп сенеміз. Бекзада Нұрлыбекқызының кәсіби шеберлігі мен білім беру ісіне деген жауапкершілігі тыңдаушылар үшін үлкен қолдау болмақ.
72 сағатқа жоспарланған курс аптасына екі рет өткізіледі. Сабақ барысында 50 жастан асқан тыңдаушылар компьютерді пайдалануды, Damumed жүйесі мен банк қосымшаларымен жұмыс істеуді, интернет-алаяқтардан қорғану жолдарын үйренеді.
«Күміс университетінің» басты мақсаты – аға буын өкілдерінің цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи технологияларды күнделікті өмірде сенімді қолдануына мүмкіндік жасау. Өйткені білім алудың жасы жоқ, ал жаңа дағдыларды меңгеру әрдайым жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Осыған ұқсас
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
УНИВЕРСИТЕТТЕ «ОЙ ҚОЗҒАУ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ: АДАМИ КАПИТАЛ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ РЕСУРСЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!