Zhanibekov university logo

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

5 Қараша 2026, 17:22
Медиа Орталық

Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары, ЮНИСЕФ өкілдігінің жастар және волонтерлік бағдарламалар жөніндегі маманы Милена Харизанова, сондай-ақ ЮНИСЕФ-тің Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша жастарды тарту жөніндегі үйлестірушісі Данара Саранова қатысты.

Кездесу барысында тараптар жастар саясатын дамыту, білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және студенттердің халықаралық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, инклюзивті білім беруді қолдау, білім беру үдерісінде тең мүмкіндіктер қалыптастыру, студенттерді шетелде өтетін халықаралық форумдарға, конференцияларға, білім беру жобалары мен түрлі іс-шараларға кеңінен тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, волонтерлік қозғалысты дамыту, студенттердің халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасуына жағдай жасау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағыттары сөз болды. Кездесу қорытындысында тараптар жастардың әлеуетін дамытуға, сапалы әрі инклюзивті білім беруді ілгерілетуге және студенттердің халықаралық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.