Zhanibekov university logo

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ПЕН «ДАМУ ДАРА БАЛА» МЕКТЕБІ ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТАДЫ

4 Қараша 2026, 11:16
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ «Асыл бала», «Даму дара бала» арнайы инклюзивті мектебімен іскерік байланысты нығайтпақ. Арнайы мектептер енді университеттің оқытушы-профессорлары мен білім алушылардың тәжірибе алаңына айналады. «Даму дара бала» арнайы инклюзивті мектебінің ұйымдастыруымен осы мақсатта «Инклюзивті білім беру: Жапония тәжірибесі және практикалық шешімдер» тақырыбында халықаралық практикалық семинар өтті.

Семинар барысында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары, Жапонияның озық тәжірибесі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың заманауи тәсілдері талқыланды. Іс-шараға университет ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжан Сүгірбаева, тарих және педагогика факультетінің деканы Гүлдариға Таутаева, аталған факультеттің арнайы педагогика мамандығында оқитын студенттер мен оқытушылар қатысты.

Қатысушылар іс-шарада Жапонияның инклюзивті білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, білім беру ортасында тең мүмкіндік қалыптастыру жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, практикалық тапсырмалар орындап, өзара тәжірибе алмасты. Семинардың басты мақсаты – әрбір баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, сапалы білім алуына қолайлы әрі қолжетімді орта қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру. Пайдалыбасқосу соңында инклюзивті білім беруді дамытуға қолдау білдіргені үшін университет Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиевке және оқу орнынан қатысқан өкілдерге арнайы Алғыс хат табыс етілді.