Zhanibekov university logo

БИОЛОГИЯ МАГИСТРАНТТАРЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ

5 Қараша 2026, 10:38
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Биологиядағы STEM технологиясымен модельдеу» пәні бойынша инновациялық бағыттағы ашық сабақ ұйымдастырылды. Ашық сабақты PhD, доцент м.а. Рахымбердиева Ж.Ш. М1505-25 тобының магистранттарына өткізді.

Сабақтың негізгі мақсаты – биологияны оқыту үдерісінде STEM технологиялары мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы магистранттардың зерттеушілік, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ заманауи цифрлық құралдарды білім беру тәжірибесіне енгізу жолдарын көрсету.

Сабақ барысында білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған бірқатар инновациялық әдіс-тәсілдер қолданылды. Сонымен қатар «Қазақстан – 2035: Болашақтың екі бейнесі» атты интерактивті жағдаяттық тапсырма орындалды. Бұл кезеңде ChatGPT және Claude жасанды интеллект платформалары қолданылып, еліміздің болашақтағы экологиялық жағдайына қатысты оптимистік және пессимистік сценарийлер қарастырылды. Атап айтқанда, су тапшылығы, ауа сапасы және климаттың өзгеруі мәселелері талданып, ғылыми болжамдар жасалды.

Сабақтың келесі кезеңдерінде тақырыптық сөзжұмбақ, QR-код арқылы цифрлық бағалау және кері байланыс ұйымдастырылып, жасанды интеллект құралдарының білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктері көрсетілді. Ашық сабақ барысында дәстүрлі оқыту әдістері заманауи STEM технологияларымен, жобалық оқытумен және жасанды интеллект құралдарымен тиімді үйлестірілді.