Жасанды интеллектіні ғылыми зерттеуде қолдану
Оқу ордамызға Ресей білім беру академиясының академигі, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Гриншкун Вадим Валерьевич келді.
Білікті профессорды университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қабылдап, педагогика саласындағы ортақ мәселелер туралы пікір алмасты. Информатиканың соңғы жылдардағы заманауи жетістіктерін ғылымда қолданудың ерекшеліктері туралы ой қозғады.
Вадим Валерьевич Zhanibekov University студенттеріне арнайы семинарда «Ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Ол жасанды интеллект технологияларының білім беру және ғылыми зерттеулердегі рөліне тоқталды. Сондай-ақ, деректерді талдау, үлгілерді анықтау, болжам жасау және автоматтандырылған шешім қабылдау процестерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін атап өтті. Дегенмен, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері зор болғанымен, сарапшылардың кәсіби пікірі мен эксперттік бағалаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ғылыми зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету және дұрыс қорытынды жасау үшін адами талдау мен тәжірибенің орны ерекше екенін жеткізді.
Осыған ұқсас
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ