ЖАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ: «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ», «ОТБАСЫ БАНК» МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?
20 Ақпан 2025, 15:10
Медиа Орталық
ЖАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ: «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ», «ОТБАСЫ БАНК» МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?
Іс-шара барысында түлектерге еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, жастарды жұмыспен қамту мүмкіндіктері және кәсіби бағдар беру мәселелері жөнінде маңызды ақпараттар берілді. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар мен жұмысқа орналасуға қатысты қолдау тетіктері таныстырылды.
Іс-шараға қатысқан спикерлер:
- Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Бекзат Бише Дауылбайұлы
- «Отбасы банк» АҚ лидер кеңесшісі Өскенбаева Жанар Мақсұтқызы
- Жастар ресурстық оралығының маманы Құдайберген Гүлбибі Камалбекқызы
"Отбасы банк" АҚ түлектер үшін қандай мүмкіндіктер ұсынады?
- Жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары – банк саласында мансабын бастауға ниетті жастар үшін үлкен мүмкіндік.
- Артықшылықтар: тұрақты жұмыс орны, кәсіби даму, білікті мамандардан тәжірибе алу және мансаптық өсу мүмкіндігі.
Жастар практикасы – жас түлектерге таптырмас мүмкіндік!
- Бұл бағдарлама жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарын бітірген, бірақ еңбек өтілі жоқ жастарға алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға көмектеседі.
- Жастар практикасына оқу аяқталғаннан кейін 5 жыл ішінде 35 жастан аспаған жұмыссыз ретінде тіркелгендер жіберіледі.
- Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды, айына жалақы мөлшері кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.
- Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгіну қажет.
Жастар практикасы https://www.enbek.kz/kk/node/3539
Ұйымдастырушы: «Talant» апгрейд орталығы
Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
29 Қыркүйек 2026, 14:49
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
28 Қыркүйек 2026, 16:55
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
28 Қыркүйек 2026, 12:04
Хабарландыру. 25.09.2026
25 Қыркүйек 2026, 17:49
Успабаева Айгуль Аманкуловнаны 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін
25 Қыркүйек 2026, 11:27
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
25 Қыркүйек 2026, 09:45
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
18 Қыркүйек 2026, 14:10
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
18 Қыркүйек 2026, 11:55
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ
17 Қыркүйек 2026, 17:21
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
17 Қыркүйек 2026, 16:24